|
10.12.2018 | 18:38
2534

Елімізде коммуналдық қызметтер бағасы 1 жылға ғана арзандауы мүмкін

Елімізде коммуналдық қызметтер бағасы 1 жылға ғана арзандауы мүмкін

Келесі жылы елімізде тарифтер арзандайды. Бірақ бұл бастама 1 жылға ғана қарастырылған. Енді алдағы 5 күннің ішінде тағы 15 монополист жылу мен электр энергиясының әрі судың құнын түсіруге міндетті. Сонымен тарифтің құны қалай есептелмек?

Монополистер бассыздығын президент Нұрсұлтан Назарбаев сынағаннан кейін, елдегі тарифті бақылаушы ведомстволар қозғала бастаған еді. Ұлттық экономика министрлігі газ жеткізуші, су және жылумен жабдықтаушы, электр энергиясын таратушы 40 монополистің тарифтерін 28 млрд 8 млн теңгеге төмендету туралы шешім қабылдаған еді. Енді тағы 15 монополист 2 млрд 7 млн теңге көлемінде бағаны арзандатуды міндеттеді. Бұл бір жылға жұрттың қалтасынан үнемделетін сома.

Айта кетейік, соңғы уақытта тариф бағасына шағымданушылар көбейгендіктен, нәтижесінде, 26 тексеріс жүргізіліп, шамамен, 10 миллиард теңгеге заңбұзушылықтар бар екені анықталған.

«Монополистердің тарифтерді негізсіз көтеруден түскен пайдасын анықтау және сол тарифтерді тұтынушыларға қайтару мақсатында жоспардан тыс 53 тексеру жүргізілуде. Мұнан бөлек, тағы 11 тексеру ашылатын болады. Энергетика министрлігімен көтерме электр энергиясы мен газ бағасын реттеуді де кірістік. Бір-екі күнде өзгерістер жайы 17 аймаққа жарияланады», – деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік ЖҰМАНҒАРИН.

Монополистер мен министрліктер газ және жарықтан бөлек, пәтер иелері кооперативі, қоқыс және жеделсаты тарифтерінің де өзгеретіні айтты. Сегіз аймақта бұл қызметтер түрі 5 пайыздан 20 пайызға дейін арзандайды. Алматыдағы ірі лифт қызметінің бағасы 8,5 пайызға, пәтер иелері кооперативі – 6, қоқыс шығару қызметі – 10 пайызға төмендейді. Бірақ бұл бағаны түсіру «науқаны» тек 1 жылға созылады.

«Тарифті төмендету бір жылға созылады. Бірақ одан кейін бағалар қымбаттай қоймайды. Тарифтердің өсуі мысалы, желінің ескіруі немесе жұмысы нашарлауы сияқты бір-екі факторларға қатысты болуы мүмкін. Бірақ біз ондай негізгі кезеңнен өттік. Барлық желі жаңарды. Сондықтан жақын арада тарифтер өсе қоймайды», – деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік ЖҰМАНҒАРИН.

Елде интернет пен ұялы байланыс та арзандайды. «Қазақтелеком» келер жылы ғаламтор, үй және қос ірі ұялы телефон операторларының Қазақстан бойынша лимитсіз хабарласуын 5 пайызға арзандатады. «Қазтранском» болса, жаңа қолданушыларына 50 пайыз жеңілдік ұсынып, абоненттік төлемді 10 пайызға жеңілдетпек. Осылайша, қымбатшылық қамытын халық ақырындап шешпек.


Нұржан Сәдірбай, «Алматы» телеарнасы, Астана


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир