Алматыда өткен Азаматтық форумда ҮЕҰ мәселелері талқыланды

Алматыда өткен Азаматтық форумда ҮЕҰ мәселелері талқыланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға берілетін гранттар жаңа ереже бойынша беріледі.

Бұған дейін әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға қаражатты тек Қоғамдық даму министрлігі ғана беретін. Енді оны жергілікті атқарушы орган да беруге құқылы болмақ. Бұл туралы Алматыда өткен ХІ Азаматтық форумда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының төрағасы Нұрлан Өтешов айтты.

Форум барысында Астанада Елбасының қатысуымен болатын VIII республикалық азаматтық форумға қала атынан қатысатын 30 делегат іріктелді.  

«Келесі жылдан бастап тек республикалық деңгейде ғана емес, сонымен қатар, қалалық болсын, аудандық болсын, аймақтық деңгейде де мемлекеттік гранттарды іске асыруды қолға алмақпыз. Оны біз заңнама түрінде дайындықты өткізген болатынбыз. Енді жұмысты ары қарай атқару үшін үкіметтік емес ұйымдардың белсенділеріне жылдың аяғына дейін жоспарға мән беруі керек екенін айтпақпыз», – деді «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы төрағасы Нұрлан ӨТЕШОВ.  

«Шындығын айтқанда, көптеген ұйымдардың аты бар да, заты жоқ. Көптеген ұйымдар нақты бір жобаларға қатысты тіркеледі. Қаражаты болса жұмыс істейді, қалған уақытта жұмыс істемейді дегендей. Сол ұйымдардың мәселесін реттеу керек. Шын мәнінде, 20-30 жыл бойы тұрақты жұмыс істеп, жылдан-жылға жұмысын үдетіп жатқан ұйымдар да жоқ емес. Қалғаны да сондай деңгейге жетуі тиіс. Бұл тек бюджеттің мәселесіне тірелмеуі керек. Мүдденің мәселесі болуы керек», – дейді саясаттанушы Айдос САРЫМ.

Бүгінгі таңда елімізде 20 мыңға жуық үкіметтік емес ұйым болса, оның 20 пайызы Алматыда орналасқан. Азаматтық форумда Қоғамдық кеңестің мәртебесін көтеру жайы сөз болды.  

«Бұл алғашқы Қоғамдық кеңес. Ол ары қарай оның жұмысы қандай болады, олар қалай іріктеледі, қалай таңдалып алынады, олардың көлемі, адам саны қанша болады деген сияқты мәселелердің барлығы өзекті болып отыр. Сондықтан осы мәселелер де талқыланды», – деді Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дәурен БАБАМҰРАТОВ.


Новости партнеров