|
20.09.2018 | 19:16

Сыбайлас жемқорлық агенттігі министрлерді қызметінен босатуды ұсынды

Сыбайлас жемқорлық агенттігі министрлерді қызметінен босатуды ұсынды

Парамен ұсталған қызметкері үшін министрлер тақтарынан таюы мүмкін. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Парламентке осындай ұсыныс білдірмекші.

Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Олжас Бектенов айтты. Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қандай да бір экономикалық қылмысқа барғандар анықталса, әкімшілік қызметкерінен бастап, ведомство басшылары өз орындарын босатады.  

«Біз Парламентке ведомство басшылары жемқорлық былығына іліккен қызметкерлеріне жауапты болсын деген ұсыныс-құжатпен бардық. Егер ол саяси мемлекеттік қызметкерлер болса, онда басшы өз еркімен жұмыстан кетуі керек. Ал егер әкімшілік қызметтегті шенеунік ұсталса, онда бастығы өз қызметінен кетуі тиісті. Біз депутаттардан қолдау табамыз деп ойлаймыз. Бұл нормалар министрлерге де қатысты. Өздері тағайындаған қызметкері қолға түссе, ведомство басшыларының орындарын босатуына тура келеді», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас БЕКТЕНОВ.

Шенеунік этикасы, мемлекеттік қызмет сапасы айтылған жиында Қанат Бозымбаевтың парамен ұсталған қос орынбасары жайлы да айтылды. Екеуі де қазір үйқамақта деген Олжас Бектенов қандай да бір қорытынды шықса мәлімдейміз деді.

Естеріңізге салсақ, Бозымбаевтың екінші орынбасары Бақытжан Жақсалиев осыдан үш жыл бұрын Щучинск-Бурабай демалыс аймағындағы көл түбін тазартуға кеткен шығынды 30 есе артық бағалап, құжатта көл тазартқан «Аймақ и К» компаниясына 863 миллион теңге аударғаны анықталған еді.

Тағы бір елді дүрліктірген экономикалық қылмыста Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков дәл осы Щучинск-Бурабайдағы көлді тазартуға бөлінген бюджетті жеке компания басшысымен бірге бөліп алды деген күдікке ілінген. Ақпаратқа сенсек, 2017 жылы орындалған жұмыстар үшін 3,6 миллиард теңге төлеген Энергетика министрінің орынбасары Сәдібеков 1 миллиард теңгеден аса қаржысын қолды еткен.  


Bólisý


Janalyqtar tizbegi

Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!