|
25.10.2018 | 18:42
3311

Алматыда литвалық профессор өкпе ауруларын емдеу тәжірибесімен бөлісті

Алматыда литвалық профессор өкпе ауруларын емдеу тәжірибесімен бөлісті

Алматыда өкпе ауруларымен сырқаттанған науқастарды емдеуге шетелдің білікті дәрігері келді.

Литвалық профессор халықты ертең «Керуен-Medicus» клиникасында қабылдайды. Бүгін тәжірибелі маман алматылық әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісті. Шеберлік сағаты кезінде профессор Малакаускас өкпе ауруларын емдеудің тиімді тәсілдерін үйретті.  

«Бронх демікпесін ерте диагностикалап, ем көрсету мәселесі Алматы қаласы үшін өте маңызды. Өйткені, қалада өкпе ауруларымен сырқаттанған, аллергиясы бар адамдар өте көп. Мұндай аурулар бронх демікпесін тудырады. Бұл сырқатты емдеу оңай емес. Сондықтан білікті маманның біздің дәрігерлерімізбен өз тәжірибесін бөліскенін құп көріп, осында шақырдық. Болашақта осындай профессорларды шеберлік сабақтарын өткізуге көптеп шақырғымыз келеді. Бұл алматылық ақ халаттыларға мол пайдасын тигізеді», – деді «Керуен-Medicus» клиникасының директоры Айгүл ШАЛБАЕВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир