|
04.01.2019 | 18:49
1410

Ақтөбеліктер коммуналдық қызметтер ақысын арзандатылған тарифпен төлемек

Ақтөбеліктер коммуналдық қызметтер ақысын арзандатылған тарифпен төлемек

Биылдан  бастап ақтөбеліктер коммуналдық қызметтің тоғыз түріне арзандатылған тарифпен төлейді. Елбасы жүктеген тапсырманы орындау мақсатында аталған өңірде де жылу, су, жарық, жеделсаты сияқты қызметтердің құны төмендетілген. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Серік Түленбергенов мәлімдеді.  

«Облыс әкімдігімен тарифтерді төмендету бағытында жіті жұмыс жүргізілуде. Мәселен, тұрғындарды газбен жабдықтаудың тарифтері 10 пайызға, жылумен қамту 10, сумен жабдықтау 5,5, су тарту 5,9, электрқуатымен жабдықтау 9,8 пайызға арзандатылып отыр», – деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Серік ТҮЛЕНБЕРГЕНОВ.

Бұдан бөлек, аймақта Пәтер иелері кооперативі қызметінің тарифтері де арзандамақ. Мәселен, бұрын жалпы мүліктің бір шаршы метрін күтіп ұстау төлемі 21 теңге болса, бұдан былай 19 теңгені құрайтын болады. Ал жеделсатыларға қызмет көрсету тарифтері 10 пайызға арзандамақ. Егер ақтөбеліктер бұрын коммуналдық қызметтің бұл түрі үшін айына 500-700 теңге төлесе, бірінші қаңтардан бастап 450-650 теңге шамасында төлем жүргізбек. Бұдан бөлек, домофон қызметі 5, ал тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тарифтері 1 пайызға төмендетілді.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир