|
18.09.2018 | 18:52
1972

Сенатор Алматы студенттерін жатақханамен қамту мәселесіне көңіл аударды

Сенатор Алматы студенттерін жатақханамен қамту мәселесіне көңіл аударды

Бүгін сенатор Бақытжан Жұмағұлов студент жастарды жатақханамен қамту мәселесі бойынша алматылық оқу орындарының басшыларымен кездесті.

Жауаптылар тапсырманы орындауда бірнеше мәселенің барын жеткізді. Атап айтқанда, қажетті жер телімін анықтау, инвестор табу және жобалық-сметалық құжаттардың көп уақыт алатынын айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша аймақтық деңгейде Алматы әкімдігінде аталған жұмыстарға жауапты адам бекітілді.

«Әкімдіктен жатақхана салатын жер телімдерінің мақсатты пайдалануын өзгертуге көмек көрсетуін сұраймын. Кей жоғары оқу орындарында қаржы көзі әлі анықталмаған. Үшінші бастаманы уақытында орындау үшін бұл міндетті жеделдету қажет. Бұл ретте министрлік әдістемелік көмек көрсетуге дайын. Сондай-ақ, жобалық-сметалық құжаттарды жоспарлау жұмысын да тездету керек», – деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл АСЫЛОВА.

Қазір Алматы қаласы бойынша студенттерге арналған 30 мың орындық жатақхана тапшы.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес бастаманың үшіншісінде жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсартуды баса айтқан болатын. Осы бастама негізінде, 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде, 75 мың орындық жатақхана салынуы тиіс.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир