|
05.12.2018 | 18:53
3669

Алматыда Дүниежүзілік еріктілер күні айрықша аталып өтті

Алматыда Дүниежүзілік еріктілер күні айрықша аталып өтті

5 желтоқсан – Дүниежүзілік еріктілер күні. Бос уақытын қоғам игілігі үшін жұмсайтын адамдардың жұмысын әр түрлі саладан көруге болады.

Лаура Жұмабаеваның көмекке зәру жандарға қолдау көрсетіп жүргеніне 6 жылдан асқан. Осы уақыт аралығында талай отбасыға жәрдем көрсеткен. Жақсылыққа жаны құмар жанның тобында тағы 10 адам бар. Олар ресми түрде еш жерде тіркелмеген. Волонтерлар көмекке зәру жандарға дәрі-дәрмек, азық-түлік және киім-кешек жеткізіп береді.  

«Тұрмысы төмен отбасыларға, қарттар үйіне, балалар үйіне барып қажетті көмектерді беріп отырамыз. Әр түрлі шоу бағдарлама ұйымдастырып, сыйлықтар табыстаймыз. Бізге көмек сұрап жүгінген азаматтарды әлеуметтік желідегі парақшамызда жариялаймыз. Оны көрген азаматтар азық-түлік пен киім-кешекті алып келіп береді», – деді ерікті Лаура ЖҰМАБАЕВА.

Ал «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорында барлығы 8 мың азамат тіркелген. Ең кішкентай волонтер – 12 жасар бала болса, үлкені 70-тен асқан қария екен. Бүгін атаулы датаға орай түрлі спорттық шараларды ұйымдастыруға белсене қатысып, өз үлесін қосқан еріктілер марапатталды.

«Мен адамдарға көмектесу арқылы өзімді осы өмірде орнымды тапқан маңызды адам ретінде сезінемін. Еріктілер қатарында жүріп, өзіңнің көшбасшылық қасиетіңді дамытып, адамдар қарым-қатынасына қатысты көп нәрсе үйренуге болатынын баса айтқым келеді», – дейді ерікті Милана МҰСАХАНОВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир