Мүлік салығын төлемеген алматылықтарға банктер қызмет көрсетпейді

Мүлік салығын төлемеген алматылықтарға банктер қызмет көрсетпейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мүлік салығын төлемей жүрген алматылықтарға келер айдан бастап банктер қызмет көрсетпейді. Өйткені, бірінші қазанда азаматтардың 2017 жылғы мүлік пен жер салығы қарызын өтеу мерзімі аяқталады. Сәйкесінше, салықтан жалтарғандардың қара тізімі сот орындаушылардың қолына тапсырылады. Одан қалды, банктерге де жіберіледі дейді Мемлекеттік кірістер басқармасындағылар.

Борышкерлер банк қызметіне толықтай жүгіне алмауы мүмкін. Шот ашу, ақша аудару, несие алу және басқа да мүмкіндіктерден айырылады. Сондай-ақ, көрсетілген мерзімге дейін қарызын өтемегендерге күн сайын еселенген өсімақы қосылады.

Бүгінде Алматы қаласында 13 мың жеке тұлға жер мен мүлік салығынан жалтарып жүр екен. Олардың қазынаға қарызы 170 млн теңгеден асқан.

«Бірінші қазаннан кейін салықты төлемеген жағдайда, Ұлттық банктің референсивтік мөлшері бойынша 1,5 пайыз көлемінде өсімақы есептелетін болады. Жеке тұлғаның қаржылық жағдайы төмен болған жағдайда, ол азаматтар салық органына келіп өтініш білдірсе болады. Осы өтініш негізінде салық органдары 3 жылға дейін салық төлеу мерзімін шегере алады. Ол үшін салық төлеуші кепілге өзінің автокөлігін, мүлкін немесе банктен кепіл алып келуі қажет», – деді Алматы қаласы Медеу ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш ТҮМЕНБАЕВ.


Новости партнеров