«100 жаңа есім» жобасына қатысушыларды іріктеудің екінші кезеңі басталды

21.09.2018 00:00

«100 жаңа есім» жобасына үкіметтік емес ұйымдар өз үміткерлерін ұсына алады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында басталған жобаның екінші кезеңіндегі тағы бір ерекшелік осы.

Өткен жылы қазақстандықтар өз таңдауын жасап, 2 мың үміткердің ішінен 102 азаматты үздік деп таныған болатын. Биыл да бұл игі іс өз жалғасын таппақ.

Айта кетейік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақстанның киелі жерлер картасы» секілді жобалар да қолға алынып, іске асырылып жатыр.

«Қалыптасқан жағдайда бұл өзгертуді өте маңызды және оңтайлы шешім деп есептеймін. Себебі, шынымен халықтың мойындауын, биліктің мойындауын қажет етіп жүрген азаматтардың басым көпшілігі жұмысбасты. Ол дәрігер болуы мүмкін. Немесе басқа салада да қызмет етуі мүмкін. Сәйкесінше, оның халықты үгіттеуге, өзіне дауыс беруге шақыруға, қала берді, осы бағытта титтей де болса қызмет атқаруға, жұмыс істеуге көбінесе қолы да тимеуі мүмкін», – деді «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәурен БАБАМҰРАТОВ.