Мемқызметкерлер арасындағы кикілжіңдер жасырын сауалнама арқылы анықталған

Мемқызметкерлер арасындағы кикілжіңдер жасырын сауалнама арқылы анықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекеттік қызметкерлер «Әдеп кодексі» шарттарын қаншалықты орындап жүр? Бұл жөнінде Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар басқармасында өткен жиында айтылды.

Бүгінге дейін қаладағы 200-ден аса мемлекеттік қызметкерге түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, қызметкерлер арасындағы кикілжіңдер мен түсініспеушілік мәселелері жасырын сауалнамалар арқылы анықталған.

Елбасының «100 нақты қадам – Ұлт Жоспарының» аясында пайда болған әдеп жөніндегі уәкілдер институты республиканың барлық аймағында бар. Бүгінгі шарада уәкіл мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс барысында қызмет этикасын, жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтап, ұжым мен қоғамда бірдей моральдық әдеп ұстану керек екенін тағы да еске салды.  

«Қоғамдағы өзгерістер мемлекеттік қызметкерлерден кәсіби біліктілікпен қоса, моральдық-психологиялық, адамгершілік тұрғыдан жоғарғы қасиеттерді талап етуде. Сол себепті, көптеген дамыған елдердің тәжірибелерін арнайы ескеру нәтижесінде жасалған «Әдеп кодексі» мемлекеттік қызметкердің кескін-келбеті қандай болатынын толық қамтыған», – деді Алматы қаласы әкімінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай АХЕТОВ.


Новости партнеров