Ақмола облысында қызылша ауруының жаппай таралу себебі анықталды

Ақмола облысында қызылша ауруының жаппай таралу себебі анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында қызылша ауруының жаппай таралу себебі анықталды. Науқастардың үлкені де, кішісе де қызылшаға қарсы вакцина алмаған екен.

Атап өту керек, бүгінде өңірде осы дертті жұқтырудың 49 дерегі тіркелген. 35 деректе ауру зертханалық зерттеу нәтижесінде расталды.

«Аталған дерттің күз-қыс мезгілдерінде өрши түсетінін атап өткен жөн. Жалпы, облыс бойынша 49 адамнан қызылша ауруының белгілері анықталды. Оның басым бөлігі, атап айтсақ, 27 дерек Сандықтау ауданында тіркелді. Ауруды жұқтырудың себебі – науқастар қызылшаға қарсы екпені алдын ала қабылдамаған.  Мәселен, 22 науқас екпені дер кезінде алмаған, яғни олар бір жасқа дейінгі сәбилер. 5 балаға вакцина медициналық көрсеткіштерге байланысты салынбаған. Ал 8 баланың ата-анасы кезінде екпе салдырудан бас тартқан. Инфекция жұқтырғандардың қатарында екі жасөспірім де бар», – деді Ақмола облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жетекшісінің орынбасары Серік ОМАРХАНОВ.

Қызылшаға шалдыққан 12 ересектің де вакцина алмағаны анықталды, десе де, бұл дерек әлі нақтыланады. Ақмола облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандарының айтуынша, науқастармен байланыста болған 24 адам анықталған. Оларға дерттің алдын алу үшін екпе салынды. Ведомство қызметкерлері қызылшамен ауырған адам мүгедек болып қалуы, немесе тіпті мерт болуы мүмкін екендігін ескертті. Сол себепті, аурудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда дереу дәрігерлердің көмегіне жүгіну керек деген кеңес беріп отыр.


Новости партнеров