Шетелдік ғалым аутизмге шалдыққан балаларды оқыту тәжірибесімен бөлісті

Шетелдік ғалым аутизмге шалдыққан балаларды оқыту тәжірибесімен бөлісті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда аутист балаларды оқытып жүрген мұғалімдерге шетелден келген кеңесші өз кеңестерін айтып, тәжірибесімен бөлісті. Ғалым Марина Азимова бұл тұрғыда талай зерттеу жүргізген екен. Оның өзі де аутизмге шалдыққан баланы тәрбиелеп отыр.

Бүгінде Алматының 135 білім ошағында дамуында ерекшеліктері бар балалар білім алады. Ондай балалардың жалпы саны 1500-ге жуық.

«АҚШ 1980 жылдардың аяғында бастан өткерген қадамдарды Қазақстан енді өткеріп жатыр. Осы уақыт аралығында АҚШ-та біраз тәжірибе жинақталды. Ал Қазақстанда арнайы білім беру енді дами бастады. Сондықтан мен өз зерттеулерімді педагогтармен, ата-аналармен бөлісу үшін арнайы келіп отырмын», – деді «Мінез-құлық талдаушылары» халықаралық қауымдастығының мүшесі, білім жөніндегі кеңесші (АҚШ) Марина АЗИМОВА.

«Семинардың мақсаты – аутизммен шалдыққан оқушылармен қарым-қатынас орнату. Екінші мақсат – баланың жалпы білім беретін мектепте оқуды өз құрбыларымен қалыпты жағдай аясында үйрету. Әр баланың жағдайы әр түрлі, сондықтан озық тәжірибеден өзімізге аларымыз көп. Ол тәжірибені өзіміздің жергілікті жағдайға бейімдемекпіз», – дейді Алматы қаласы Білім басқармасының бас маманы Толқын ЖАНҒАЗИЕВА.


Новости партнеров