3 облыста лауазымды тұлғалар пара алды деген күдікпен ұсталды

3 облыста лауазымды тұлғалар пара алды деген күдікпен ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің үш облысында лауазымды тұлғалар пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова хабарлады.

Жанна Бастарованың айтуынша, Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің УГ-157/1 мекемесінің тергеу изоляторы басшысы міндетін атқарушы қызметін асыра пайдаланған. Ол сотталушыны басқа мекемеге ауыстырмау үшін одан жүйелі түрде 678 мың теңге пара алып отырған. Одан бөлек, сотталушыға туыстарымен кедергісіз кездесуге мүмкіндік берген.

Сонымен қатар, аталған облыстағы «Қазақстан темір жолы – жүк тасымалы» акционерлік қоғамының филиал басшысы да пара алды деген күдікке ілінген. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бөлім басшысы да бар. Сонымен қатар, Ақмола облысы Туризм басқармасы басшысының да күдікке ілінгені хабарланды. Агенттік мәліметі бойынша ол жалпы сомасы 8,5 миллион теңге болатын бюджет қаражатын жымқырған болуы мүмкін.

«Лауазымды тұлғаға қатысты алаяқтық және көтеріңкі зейнетақы төлеу үшін азаматтарға арналған Үкімет, коммерциялық емес акционерлік қоғамның облыстық филиалының лауазымды тұлғаларына 1 миллион 70 мың теңге сомасындағы пара беруге Ішкі істер министрлігінің зейнеткерлерін айдап салушылық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу жалғасуда», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна БАСТАРОВА.


Новости партнеров