Алматыда мемқызметкерлерге арналған тестілеу орталығы ашылады

Алматыда мемқызметкерлерге арналған тестілеу орталығы ашылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Келер жылдан бастап мемлекеттік қызметкер үшін жаңа тестілеу орталығы ашылады. Әкімшілік-мемлекеттік лауазымға, құқық қорғау қызметіне жұмысқа орналасу үшін тестілеу орталығына барып сынақ тапсыруы қажет.

Әзірге 28 үміткерге шақталған кеңсе 80 орынға дейін кеңейтілмек. Бұған дейін орталықтың тарлығынан үміткерлер облысқа сабылатын еді. Енді мұнда тек қана мемлекеттік қызметке тұру үшін ғана емес, өзге де лауазымды орындарға орналасау үшін тест тапсыра алады.  

«Тестілеу орталығында келер жылдан бастап, құқық қорғау қызметкерлерін аттестаттау, «Нұр Отан» партиясының қатарына, «Азаматтарға арналған үкімет», «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерін, сот пен адвокаттыққа үміткерлерді тестілеуден өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, Мемлекеттік басқару академиясына түсу үшін де тестті Астанаға бармай-ақ, осында өтуге мүмкіндік туады», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Данияр ТАУМҰРАТ.


Новости партнеров