«Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілері Тілдер күнін атап өтті

22.09.2018 00:23

Алматыда мамандандырылған «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілері елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетімен етене танысуға мүмкіндік алды. Кешенде Халықаралық тілдер күні атап өтілді.

Мерекелік шарада ұлттық тағамдар және киімдер көрсетіліп, концерт ұйымдастырылды. Қазіргі таңда орталықта 500-ден астам бала тәрбиеленіп жатыр. Олардың арасында әзербайжан, татар және кәріс ұлттары бар.  

«Біз балаларымызды қашанда өз тілін сүюге, өз еліне деген патриоттық сезімін арттыруға, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеп-оқытамыз. Сондықтан бүгінгі шарамыз осы мерекеге байланысты болып тұр. Негізінде, біздің ұжымымыз өте үлкен. Бұл ұжымда бүгінгі таңда 164 педагог жұмыс істеп жатыр. Олардың ішінде әр ұлттың өкілдері де бар», – деді Алматы қаласы «Жанұя» мамандандырылған кешенінің директоры Ләззат ҚҰЛСАРИНА.