|
19.10.2018 | 19:29
1225

Алматыда автокөліктерді тиімді бағада жалға беретін жаңа сервис пайда болды

Алматыда автокөліктерді тиімді бағада жалға беретін жаңа сервис пайда болды

Алматыда «Smart City» жобасы аясында италиялық бизнес өкілдерінің инвестициясы есебінен «Anytime» каршеринг-сервисі ашылды. Яғни, қызметтің бұл түрі бойынша тұрғындар автокөліктерді жалға ала алады.

Жобаның бір ерекшелігі, сервис клиенттері көлікке май құймайды, жумайды, тұраққа ақша төлемейді. Жалға алған көлікпен тек қала ішінде ғана емес, жақын қашықтықтағы туристік орындарға да баруға болады. Жобаға 4 миллион евро инвестиция жұмсалудың арқасында 100 автомобиль қызмет көрсетуге дайын тұр.

«Жаңа қызмет түрін смартфон арқылы қолдануға болады. Көлікті қаланың кез келген жерінен алып, жұмыстарыңызды бітірген соң, жақын маңдағы тұраққа қойып кетесіз. Темір тұлпарды жалға алу құны минутына 19 теңге», - дейді жоба жетекшісі Мұхит Сейдахметов.  

Сонымен қатар, Алматыда тағы үш бағыттың автобустары жаңарды. Жұмыс сапары кезінде қала әкімі Бауыржан Байбек жеке тасымалдаушылар алған жаңа автобустарды көрді. Қоғамдық көліктердің бәрі Евро-5 экологиялық стандартына сай.

Тек №98 бағыт бойынша су жаңа 15 автобус жолға шықты. Жақын күндері Алматыға тағы осындай 35 автобус жеткізіледі. Сонымен қатар, №67 бағыт бойынша жолаушы тасымалдайтын 17 төмен еденді автобустар арқылы көлік бағыты жаңартылмақ. Ол Шаңырақ, Акбұлақ, Ұлжан, Өжет, Айнабұлақ ықшамауданы мен «Алматы-1» теміржол вокзалын қамтиды.

Сондай-ақ, №102 бағыттағы қоғамдық көліктер де жаңарды. Сыйымдылығы шағын 18 автобустың барлығына видеокамералар орнатылған. Айта кетерлігі, Алматыда жыл аяғына дейін қоғамдық көліктерді жаңартуды 80%-ға дейін жеткізу жсопарланып отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир