«Ұлы даланың жеті қыры»: жақында дала фольклорының антологиясы жасақталмақ

«Ұлы даланың жеті қыры»: жақында дала фольклорының антологиясы жасақталмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – көп ғасырлық тарихы бар халқымыздың өміріндегі рухани сілкініс. Ал Елбасы маңызды құжатта тек мәселелерді көтеріп ғана қоймай, оңтайлы шешім тапқан дейді зиялы қауым өкілдері.

Мәселен, мақалада дала фольклоры мен музыкасына аса мән беріліп отыр. Жуық арада дала фольклорының антологиясы жасақталады. Онда халық ауыз әдебиетіндегі ертегілер, аңыз-әфсаналар, эпостар жинақталмақ. Ал қазақтың қобыз, домбыра, сазсырнай сынды дәстүрлі аспаптарымен орындалатын туындылар «Ұлы даланың көне сарындары» деген атаумен жинақ болып басылады. Көшпенділердің бай мұрасын жүйелеуге отандық және шетелдік мамандар тартылады.  

«Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласынан кейін шыққан бұл мақаласы бізге: «Қарагөз бауырларым, қараңдар, ояныңдар!» дегенді тұспалдап тұр. Бүгінгі таңдағы тарихи құндылықтарымызды халықаралық түрде мойындата білуіміз керек. Әйтпегенде, ол құндылықтардан айырылып қалуымыз мүмкін», – деді Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Құсман ШАЛАБАЕВ.

«Мақалада айтылған ойлардың бәрі – көп жылдан бері айтылып келе жатқан, енді нақты түйінін тапқан нәрселер. Әлемнің 9-шы бөлігін алып жатқан Қазақстан шын мәнінде, өркениетке еш үлес қоспады деген осы уақытқа дейінгі аса қатаң, қасаң империялық пиғылдан туындаған пікірге қарсы соққы бергендей. Мұны өзіміздің ұлттық сананың жаңғыруы ретінде, қоғамдық сананың жаңғыруы ретінде барша халық қолдайды деп ұғамын», – деп ой бөлісті «Түркістан» халықаралық газетінің бас редакторы Жаңабек ШАҒАТАЙ.

«Елбасының қазіргі көтеріп отырған мәселесі, мақаланың бірінші бөлігі біздің шын мәнінде, ұлттық мемлекетіміздің тарихы мүдесінің әріде жатқанын көрсетеді. Ғалымдарымыз айналыса келе, түбінде осыны жүзеге асыруымыз керек деп ойлаймын. «Мәдени мұра» бағдарламасымен көптеген көрші елдерден, алыс-жақын мемлекеттерден қаншама құжаттар жиналды. Бірақ өкінішке қарай, солардың көбісі цифрлық форматқа түспеді де, қалың жұртшылыққа жетпей қалды», – деп пікір білдірді «Президент және халық» газетінің бас редакторы Марат ТОҚАШБАЕВ.


Новости партнеров