Алматыда «Жыр-жолбарыс» музыкалық спектаклінің тұсаукесері өтті

Алматыда «Жыр-жолбарыс» музыкалық спектаклінің тұсаукесері өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Жыр-жолбарыс» музыкалық спектаклінің тұсаукесері өтті. Қойылымда жиырмасыншы ғасырдың Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың өмір жолы бейнеленеді.

Музыкалық спектакль театр сахнасында алғаш рет қойылып отыр. Сахналық бейнелеудің заманауи тәсілдері арқылы ұсынылған қойылымда қазақы би нақыштары заманауи би үлгісімен  ұштастырылған. Жамбылдың көзін көрген Жұмабай Шаштайұлы – спектакльдің кеңесшісі, ал пьеса авторы – Әннас Бағдат.  

«Жыр-жолбарыстың» премьерасы өтіп жатыр. Халықтың дуылдата шапалақтаған қолынан, залдағы ине шаншатын бос орынның жоқтығынан біздің осы уақытқа дейін «Алатау» театрына келгендегі негізгі миссиямыз орындалғандай сезіндік. Жиырмасыншы ғасырдың жыр алыбы, әруақты Жамбыл туралы алғашқы қойылымымыз біздің бағыт-бағдарымызға нық қадам басып отыр деп айта аламыз», – деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Берік ЖҮСІПОВ.


Новости партнеров