|
01.11.2018 | 19:57
2131

Түркияның Қазақстандағы Бас консулы қазақ журналистерімен кездесті

Түркияның Қазақстандағы Бас консулы қазақ журналистерімен кездесті

«Сириядағы қантөгісті тоқтатуда Түркия мен Қазақстан бірлесе әрекет етіп келеді. Ал екі елдің басшылары қазақ-түрік арасындағы сауда айналымын  жуық арада 10 миллиард долларға жеткізуді тапсырған». Қазақ журналистерімен кездескен Түркияның Қазақстандағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз  осылай  деді.

Түркия мемлекетінің құрылғанына 95 жыл толуына орай Алматыда өткен  жиында екі ел арасындағы ынтымақтастық байланысты арттыру  жоспары да айтылды. Түбі бір түркі елдері саяси, мəдени, рухани бағыттардан бөлек, мұнай, мал шаруашылығы, азық-түлік, фармацевтика мен экономиканың басқа да салаларда өте белсенді  жұмыс істеп келеді.

Бас консулдың айтуынша Түркия қайырымдылық шараларына баса назар аударады. Жер шарындағы көмекке мұқтаж аймақтарға 8 миллиард долларға жуық қаражат бөлген, соғыс болып жатқан елдердің азаматтарын шекарадан кедергісіз өткізіп, азық-түлік, баспанамен қамтамасыз еткен.

Бас консул бүгінде Түркияда жүрген сириялықтар санының 4 миллионға жуық екенін, еліміздің оларға тұрақты көмек көрсетіп келе жатқанын әрі Қазақстан тарапы Сириядағы қантөгісті бейбіт жолмен шешудің жолдарын тұрақты ұсынып келетінін айрықша атап.

«Бүгінгі отырыс өте маңызды. Біз баспасөз өкілдеріне Түркияның кәсіпкерлік пен гуманитарлық көмек саясатын түсіндірдік. Түркия 2018 жылы әлем бойынша гуманитарлық көмекке 8 млрд АҚШ долларын жұмсаған. Түбіміз бір болғандықтан, біз Қазақстанмен бабалар мұрасын жаңғырту бағытында бірлесіп жұмыс істеп келеміз. Алдағы уақытта осы істі қарқынды жалғастырамыз», – деді Түркияның Қазақстандағы бас консулы Рыза Қаған ЙЫЛМАЗ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир