2 мың велосипедші мен мотоциклист Әл-Фараби даңғылымен жүріп өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екі мың велосипедшілер мен мотоциклистер әл-Фараби даңғылымен жүріп өтті. Бұл «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында жоспарланған 21 іс-шараның төртіншісі.  10 шақырымға созылған вело-мотожүрістің мәресі болып «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешені таңдалып алынған.

«Бұл акцияны Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жиырма жылдығы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафоны аясында ұйымдастырдық. Өздеріңіз көріп тұрғандай, велосипедшілермен қатар бізді Алматы қаласының мотоклубы да қолдады. Қазір қатысушылар арасында велосипед, спорттық сөмкелер мен тауарлар ойнатылып жатыр. Біздің мақсат -жемқорлыққа қарсы күрес жүргізіп қана қоймай, оның алдын алу», - деді Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Геннадий ДАНИЯРОВ.


Новости партнеров