Астананың 20 жылдығы: «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 300-ден астам отбасы баспаналы болды

06.07.2018 14:26

Астананың 20-жылдығы қарсаңында 300-ден астам қала тұрғынына пәтер кілті табысталды. Баспанаға қол жеткізгендердің кейбірі 10 жылдан астам уақыт үйлі болуды армандап жүргендерін жасырмады. Маңызды шараға қала әкімі Әсет Исекешов келіп, тұрғындардың қуанышына ортақтасты. Елордадағы Рақымжан Қошқарбаев көшесінде бой көтерген бұл үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғызылған еді.

«Астанамыздың 20-жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Бүгін Елбасымыздың «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында кезекте тұрған 320 отбасына беріліп отыр. Баршаңызды құттықтаймын! Сәттілік тілеймін! Шаңырақтарыңыз биік, қоныстарыңыз жайлы болсын!», – деді Астана қаласының әкімі Әсет ИСЕКЕШЕВ.

«Не айтайын?! Бақыттымын! Біз бұл күнді 10-жылдан артық күттік. Мың алғыс! Жұғысты болсын сіздерге де!», – деп қуанышымен бөлісті пәтер иесі Әсия МАТАЕВА.