«Цин-Каз» жұмысшыларының жалақысы 20 пайызға көтерілді

«Цин-Каз» жұмысшыларының жалақысы 20 пайызға көтерілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Цин-Каз» кәсіпорны жұмысшыларының жалақысын 20 пайызға көтерді.

Бүгін Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев Президенттің «Қазақстан халықтарының әл-ауқатын арттыру туралы» жолдауын орындау аясында, аталмыш компанияға барды. Бұл кәсіпорын – көкөністерді сақтау және томат пастасын өндіру бойынша елімізде ғана емес, Орталық Азияда да көшбасшы. Қазіргі уақытта тәулігіне 25 тонна қызанақ өнімдерін шығарады. Компанияда бүгінгі күні 150-ден астам адам еңбек етеді. «Цин-Каз» тауарлары Ресейге, Қырғыз Республикасына және Ауғанстанға экспортталады.  

«Жолдау аясында кәсіпорын осы жылдың желтоқсан айынан бастап компания жұмысшыларының жалақысын 20%-ға көтереді. Яғни, қазір мұндағылар 100 мың теңге алатын болса, келесі айдан бастап айлықтары 120 мыңға көтеріледі. Және келесі жылдан бастап тауарлар түрін көбейтіп, жаңа нарықтарға шығуды жоспарлап отырмыз», – деді компания директоры Алма МҰҚАШЕВА.


Новости партнеров