Қазақстандық кәсіпқой боксшы «Алтын адам» сыйлығының иегері атанды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы «Алтын адам» сыйлығының иегері атанды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екі салмақ бойынша чемпиондық белдіктердің иесі, қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова «Жыл адамы – Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды.

Салтанатты марапаттау рәсімі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті. Қазылар алқасы жыл барысында медицина, мәдениет, өнер, кәсiпкерлiк, қаржы және журналистика сынды түрлі салада ерен еңбегімен ерекшеленіп, жетiстiкке жеткен үздiктердi анықтады. «Суретші» номинациясы бойынша Анар Әбжанова, опера саңлағы Зарина Алтынбаева, кинорежиссер Ақан Сатаев, «Мәдениет қайраткері» номинациясы Еркін Қасеновке берілді.  

«Бұл сыйлық тек менің ғана емес, менің ұжымымның еңбегі. Максим Горький атындағы орыс драма театры – бүгінде Қазақстандағы 118 жылдық тарихы бар үлкен театр. «Жыл адамы» деп ескеріліп отырғаным бекер емес деп ойлаймын. Биыл біз Астана қаласының 20 жылдығын атап өттік. Осы 20 жылдық аясында Астана қаласының бүкіл өнер ұжымы көптеген халықаралық деңгейде іс-шаралар өткізді. Соның бірі және бірегейі – біздің Максим Горький атындағы орыс драма театры болды», – дейді «Жыл адамы – Алтын адам» сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін ҚАСЕНОВ.

Ал халықтың ерекше ықыласына бөленген Ержан Омархановқа «Ерлігі үшін» номинациясы табысталды. Ол тамыздың 4-тінен 5-іне қараған түні «Семей-Новосібір» бағытындағы жүріп бара жатып отқа оранған автобустан небәрі, 2 минуттың ішінде 48 жолаушыны құтқарып қалған.  

«Осы марапатқа мені лайық деп танығанына қуанып тұрмын. Ұмытпай, елеп- ескеріп жатқандарыңызға рахмет. Ол күн менің есімнен кетпейді. Бәрі де көзді ашып-жұмғанша болды. Сонша адамды спортпен айналысып жүргенімнің арқасында аман қалдым деп ойлаймын. Өз анама және жаттықтырушыларыма алғыс айтқым келеді», – деді «Қоғамдық танылу» сыйлығының иегері Ержан ОМАРХАНОВ.


Новости партнеров