Сирия қақтығысына қатысты Астана процесінің 11-ші раунды басталды

Сирия қақтығысына қатысты Астана процесінің 11-ші раунды басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сирия қақтығысына қатысты Астана процесінің 11-ші раунды басталды. Бұл жолғы саяси басқосуға Сирияның үкіметі, оппозиция мен кепіл елдер – Ресей, Түркия, Иран және халықаралық бақылаушылар келген.

Маңызды жиын екі күнге созылмақ. Бірінші күні екі және үшжақты келіссөздер жүреді. Сонымен қатар, тұтқынға түскендерді босату, іс-түссіз жоғалғандарды іздеу мен мерт болғандардың мүрдесін тапсыру мәселесімен айналысатын жұмыс тобының алтыншы отырысы өтеді. Оған Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қызыл крест өкілдері қатысады. Сонымен қатар, Сирияның солтүстік- батыс аймағындағы Идлиб аумағындағы жағдай талқыланады деп күтілуде.

«Қазіргі таңдағы талқыланып жатқан мәселе – Сириядағы соғыс түрін формадан диалог түріне шешуге ауыстыру. Сол үшін Сирия бойынша саяси астарын шешу үшін арнайы конституциялық комитет құру жоспарланған. Оны құру мәселесі осы 11-рандта талқылануы керек», – деді  Стратегиялық зерттеулер институты Ақпараттық-сараптамалық жұмыс бөлімінің жетекшісі Әсел НАЗАРБЕТОВА.


Новости партнеров