Бүгін қазақ әдебиетінде өзіндік ерекше қолтаңбасы қалған Тәкен Әлімқұловтың 100 жылдық мерейтойын қалам тербеген қауым мен әдебиет майталманының жақындары атап өтті.
Жазушылар одағында болған кешке Мәдениет және спорт министрлігінен келген құттықтаудан бастап, жазушы, ақын әрі әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың жерлестерінен бір топ делагация қатысты.
Аса көрнекті жазушы шығармашылыққа 1941 жылы зауытта жұмыс істеп жүргенде бет бұра бастаған. «Оңтүстік Қазақстан» ,»Лениншіл жас» газетінде қызмет етті. «Сапар» алғашкы өлеңдер жинағы 1950 жылы жарық көрді. Айта кетейік, Тәкен Әлімқұлов француз ертегісі, орыс және әзербайжан ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударған.
«Мен оны үйірі жоқ көкжал деп айтар едім,. Солай боп келді, солай боп өтті дүниеден. Оның «Ақ боз ат» деген шығармасы бүкіл әдебиетімізді дүрліктіріп, үлкен қозғалысқа түсірген. Одан кейін «Тұлпардың тағдыры» деген екі романы бар. Қалғандары повесттер, әңгімелер. Туындыларының қай-қайсысын алсаңыз да, боз даланың иісі бұрқырап тұрады», – деді ақын Оспан СЕЙФОЛЛА.