2018 жылы баспана бағасы қандай болады?

09.10.2017 22:40

Келесі жылы баспана бағасы өспейді. Бұл туралы еліміздің Инвестициялар және даму министрлігі мәлімдеген еді. Отандық сарапшылардың да пікірі осыған саяды. Вице-министр Роман Склярдың айтуынша, мемлекет тұрғын үй құрылысын тұрақты түрде қаржыландырып отырғандықтан, жылжымайтын мүліктің қымбаттауына жол берілмейтіндігін жеткізген еді. Енді 2018 жылы 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады деп жоспарлануда. Ал әзірге, пәтерді  жалға беру жағы  3 пайызға төмендегені белгілі. Бұған дейін баспана өткізетіндер неліктен бағаны түсірмей тұрды? Бұл жайтты бізге тікелей эфирде экономикалық сарапшы Мақсат Серәлі мырза тәптіштеп түсінідіріп беретін болады.

 

-Осы айда Алматыда пәтерді жалға беру бағасы үш пайызға төмендеді. Бұл немен байланысты?


-Қазіргі таңда жалға беру нарығында бағаның төмедеуі белгіленіп тұр. Бұл немен байланысты? Бұл нарықтағы сұраныстың ұсыныпсен жабылғандығын бірдіреді. Қазіргі таңда байқайтын болсақ, 2-3 ай бұрын жалға берілетін пәтерлердің саны қымбаттады. Оған құр сұраныстың өсуімен байланысты. Келген студенттер, жұмыс істейтін адамдар, олардың барлығы жасанды түрде нарықтың бағасының өсуіне алып келді. Енді баға тұрақтанды да, енді жалға берілмей қалған пәтерлер бағасын түсіріп жатыр.Осының салдарынан баға төмендеп жатыр.  Әрі қара ол төмендей береді. Оның бірінші себебі, мемелекеттік бағадарламалардың жұмысы өз күшіне ене бастады. Мысалы, жалға алу арқылы кейіннен сатып алу мүмкіндігіне ие болу. Соның әсерінен де баға төмендеп жатыр. 


-Қазірі таңда ел арасында «халықта ақша жоқ» деген сөз жүр. Соның салдары мына баспаналарын сататын азаматтардың бағаны төмендетуіне әсер етіп жатыр ма? Жалпы халықтың экономикалық сауаттылығы қаншалықты артты?


-Биыл қарапайым халықта пәтер сатып алуға мүмкіншіліктер арта бастады.  Ол мүмкіншіліктер неге байланысты болып тұр? Біріншіден, қолма-қол тікелей қаражатқа сатып алу. Немесе мемелекеттік бағдарлама арқылы ұзақ мерізімге ипотекалық бағдарламаға қатысу немесе екінші деңгейлі банктер арқылы ипотекалық жобаларға қатысу. Осы ретте, мемлекеттік бағдарламалар арқылы, мәселен «Нұрлы жер», тұрғын үй жинақ банкінің бағдарламасы болсын, мұның бәрі сұраныстың көптігіне байланысты. Мемлекет соғып жатқан тұрғын үйлер бар, екінші деңгейлі нарықтағы тұрғын  үйлер бар және жаңа соғылып жатқан премум кластартағы үйлер бар.  Осы нарықтағы барлық ұсыныпты қолдану үшін халықтың ынтасы артты. Бұл одан әрі қарай арта береді. Өйткені, Қазақстанда ең тиімді бизнес жоба осы тұрғын үй мәселесі боп тұр. Енді заңды сұрақ туындайды, баға қалай болады деп? Баға нарықта келісілі түрде жүргізіледі. Екінші сатып алу нрығында ол жерде баға келіспелі түрде жүргізіледі. Халықта қолма-қол ақша жоқ, сондықта ішкі нарықта сатушылар бағаны түсіретін болады.


-Құрылыс материалдарының бағасы қаншалықты әсер етуде? Отандық өнімді пайдаланған компаниялардың пәтер бағасы  ақылға қонымды дегенге сенуге болады ма?


-Қазір нарықта қандай компаниялар ұтып жатыр? Қазір толыққанды отандық өнімді қолданатын, құрылыс материалдарын қолданатын компаниялар ұтып жатыр. Неге? Өйткені олар ішкі нарықта болған соң теңгемен сатып алынады, теңгемен сатып жатды. Ал егер премиум кластағы жоғары деңгейдегі үйлерге Еуропадан қосымша әкелінеді. Сондықтан ол бағаның өзіндік құнына әсер етеді. Соныдқатан ол бағаны өсіріп жібереді. Себебі сыртқы материалдардың барлығы доллармен келуімен. Баға қай нарықта жоғарылай бастайды, қай уақытта төмендей бастайды? Егер отындық өнімді қолданса компаниялар, онда нарықта қатты өзгерістер болмайды. Бұл компанияларға бәсекелес ретінде мемлекеттік компаниялар жұмыс істеп жатыр. Ол құрылыс нарығының шынайы бағасын белгілеп берді. Мемлекеттік бағдарлама жүзеге асқан сайын бәсекелестікте пайда болады. Өзге компанияларда осы нарыққа бейімделе бастайды. Осы рете жеңілдіктер ұйымдастырыла бастайды.