Алматы жұрты танымал актер Тұрсын Құралиевпен қоштасты

Алматы жұрты танымал актер Тұрсын Құралиевпен қоштасты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, театр және кино майталманы Тұрсын Құралиевты туыстары мен өнердегі достары ақтық сапарға шығарып салды.

Тұрсын Құралиев 69 жасына қараған шағында дүниеден озды. Түрлі сахналық қойылымдарда кейіпкерлердің бейнесін шеберлікпен сомдаған ол 100-ге жуық қойылымда бой көрсеткен. Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар және жасөспірімдер театрында 42 жыл қызмет еткен.

Сондай-ақ, кино саласында да Тұрсын Құралиевтың есімі алтын әріптермен жазылған. Ол «Мосфильм», «Қазақфильм» киностудиялары түсірген фильмдерде ойнаған. Әсіресе, «Айман-Шолпан», «Зар заман» және «Земля Санникова» кинокартиналарында шеберлігімен көзге түскен.  

«Тұрсын ағамыз қазақ мәдениетіне, руханият әлеміне өткен ғасырдың соңында келген. Мәскеуде оқыған, үлкен топтың мүшесі болған. Осыдан бірер жыл бұрын театрымыздың режиссері Жанат Хаджиев Тұрсын Құралиевті қазақ сахна мектебіне орыс театры мектебінен әкелген. Шын мәнінде, кейіпкер жасаудың жаңа буыны болып саналдыі. Ағамыз театрда 40 жылдан астам еңбек етті. Жүзден астам бейнелер сомдады», – дейді Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі Еркін ЖУАСБЕК.


Новости партнеров