Медеу ауданының әкімдігі ардагерлердің, мұғалімдер мен кәсіпкерлердің басын қосып, Елбасы жолдауын талқылады. Жиналғандар күрмеуі көп күрделі мәселелер қамтылған, әрбір азаматтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған құжаттың маңызды тұстарын атап өтті. Олар Жолдаудағы міндеттерді бірлесе орындауға уағдаласты.
«Баршаңызды қойылған міндеттерді белсене іске асыруға шақырамын. Әсіресе жастар белсендірек болса екен деймін. Өйткені, 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынған Елбасының бүгінгі жолдауы бір күнде айтыла салған әңгіме емес. Бұл елдің болашағы тереңнен толғанып шешілген тарихи құжат. Сондықтан Жолдаудың негізгі басымдықтарын іске асыру біздер мен сіздерге үлкен міндет», – деді Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ.