Алматыда демалыс күндері ауа райы қандай болады – «Қазгидромет» болжамы

Алматыда демалыс күндері ауа райы қандай болады – «Қазгидромет» болжамы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда алдағы дүйсенбі мен сейсенбіге дейін аяз сақталады. Тұман түсіп, көк тайғақ болады дейді синоптиктер. Тек аптаның ортасында ғана күн біртіндеп жылынады. Ауа температурасы күндіз тіпті  +4,+9 градусқа дейін көтеріледі екен.

Ал «Қазгидромет» мамандары осы демалыс күндерінің ауа райына қандай болжам жасап отыр? Бұл туралы «Қазгидромет» Алматы қаласы бойынша филиалының инженер-синоптигі Ақзер ӘШІМ айтып бермек.

– Ақзер, алдағы демалыс күндері Алматыда ауа-райы қандай болады?

– Алдағы демалыста Алматы тұрғындарын қолайлы ауа-райы күтіп тұр. Шаһар жоғары қысым алқабында орналасқанына байланысты, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ертең түнде ауа температурасы - 7, - 9 градус аяз, күндіз  + 1, + 3 градус жылы болады. Жексенбі күні жауын-шашынсыз. Ауа температурасы аздап көтерілуі мүмкін. Түнде - 1, - 6 градус аяз болса, күндіз + 3, + 8 градус жылы болады.

– Ал таулы аймақтарда қандай күн райы күтіледі? Табиғат аясында демалуды жаны сүйетіндерге нендей кеңес бересіздер?

– Таулы аймақтарда ауа райы қолайлы болады. Жексенбі күні жауын-шашынсыз, жылы болады. Ауа температурасы - 2, - 7 градус аяз болса, күндіз 0, + 5 градус жылы болады. Жексенбі күні түнде қатты суық болмайды, - 1, - 6 градус аяз болады. Күндіз + 2, + 7 градус жылы болады. Бірақ жексенбі күні кешке қарай ауа-райы бұзылып, жауын-шашын болады.

– Ақзер, айтқан ақпаратыңыз үшін рахмет!


Жадыра Омаржан, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров