26-31 мамыр аралығында "Алматы" телеарнасынан көретіндеріңіз

25.05.2018 в 19:00

«Алматы» телеарнасы осы аптада болатын телехикаялар мен бағдарламаларды назарларыңызға ұсынады. 

Қуанышты бөлісетін мүмкіндік. Барша қазақстандықтарға сәлем жолдау, туған-туыстарыңызды айтулы мерекелерімен құттықтау, тіпті кешірімде сұрау. Сенбі, 26 мамыр күні сағат 10:00-де "Selfie-Сәлем" бағдарламасында.

Алматылықтар би өнерін қалай бағалайды? Қазақтың киіз үйі қалай насихатталуда? Ұлттық аспап домбыраның жасалу жолдары. Болашаққа бағдар: "Рухани жаңғыру" бағдарламасы туралы алматылық жастар не біледі? Жексенбі, 27 мамыр күні сағат 12:35-те "Жастар қаласы" бағдарламасында.

Шалқытып арман көңілді, қазақтың күйі төгілді. Ұлттың «Інжу – маржаны». Сенбі, 26 мамыр сағат 12:30-да "Алматы" арнасында.

Адам өмірден озады, игі аты қалады. Еліне өлшеусіз еңбек еткендер мен көргені көп, көңілге түйгені мол жандар жайындағы естеліктер жиынтығы. Өмірден өтсе де олар жайындағы айтылатын әңгіме де, алар тәрбие де көп. Оны замандастары мен дос-бауырлары "Сәуле - Ғұмыр" бағдарламасында өткенге оралып сыр шертеді. Сенбі, 26 мамыр сағат 21:00-де.

Алматының керемет жерінің бірі Ботаникалық бақ және аты аңызға айналған "Қазақстан" қонақ үйі жайында "Асықпайық" бағдарламасынан жексенбі, 27 мамырда сағат 13:05-те көріңіздер!  "Алматы" арнасы қосулы болсын!

Хан екі айтса қадірі кетеді. Қараша екі айтса ары кетеді. Шыдамның да жеткен жері. "Сүлеймен сұлтан" телехикаясы дүйсенбі - жұма аралығында сағат 19:55-те. 


Теги: телегид