3 мен 9 ақпан аралығында «Алматы» телеарнасынан көретіндеріңіз...

02.02.2018 22:36

«Алматы» телеарнасы алдағы аптада болатын телехикаялар мен бағдарламаларды назарларыңызға ұсынады.

 Бірі әкесінен күдіктенсе, бірі баласын қайтаруды ойлайды. Әркімнің өз діттегені бар. Егіз ғұмыр «Айман-Шолпан» дүйсенбі-жұма аралығында 19.10-да біздің арнада.

Ерлі зайыптылар арасындағы тылсым сыр. Әпке мен сіңілі арасындағы өшпенділік. Ақ пен қараны ажырата алмаған қос тағдыр. «Уәде беремін» телехикаясы дүйсенбі-жұма аралығында 18.00-де.

Балалы үй базар... Бажалы үй асарда жер қазар. Адамның сырын адам  білмесе де, бажа біледі. Қалжының жарасқандар «Бажалар» телехикаясы дүйсенбі–жұма аралығында 12:30-да біздің арнадан көріңіз!

Айтып келмейтін апатты, болжай аламыз ба? Тыныштық бұзылса қайтеміз? Таразылау сізден, байлам бізден!«Байлам» бағдарламасы дүйсенбі 5 ақпан сағат 17.00-де.

Саршұнақ аязда шаттанып, шынығатын мереке. Жалынды жастардың жасампаз жұмысы. Нәзік жандылардың шаршы алаңдағы шайқасы. Мұның бәрі – жастар қаласында! 3 ақпан жексенбі, 12:30-да.