Алматыда бір шөлмек ішімдік 3 миллион теңгеге сатылған

28.03.2018 в 16:08

Алматыда бір шөлмек ішімдік 3 миллион теңгеге сатылған. Қымбат шараптар Көк Төбедегі мейрамханалардың бірінде саудаланыпты. Салықшылар тексерісі кезінде әлгі өнімдердің ешқандай рұқсатсыз сатылғаны анықталды. Пысықайлар лицензиясы болмаса да, келушілердің қалтасын қағып қалуды көздеген екен. Қазір олардың ісі сотқа жолданды.

«Іс материалдары әкімшілік айыппұл салу мен алкоголь өнімдерін тәркілеу үшін сотқа жолданды. Ішімдіктерді лицензиясыз сатып алған кәсіпкерлерге 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін», - деді  Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Айдос ОРЫНБАСАРОВ.