Алматыдағы сауда орталықтарының жұмысы қатаң бақылауға алынды

28.03.2018 16:23

Үкімет басшысының тапсырмасынан кейін, өңірлердегі сауда орындары жіті тексеріле бастады. Жауаптылар бір күнде Астанадағы 6 орталықты аралап, 32 заң бұзушылық анықтаған екен. Істеріне салғырт қараған 3 адамның ісі сотқа жолданыпты. Тексеруші топ жылдың соңына дейін тағы 50 шақты ірілі-ұсақты мекемені тексеруды жоспарлап отыр.

«9 ірі сауда орындарының 6-ы үлкен тексеріс жасалып, ол жерден 32 заңбұзушылық анықталған. Әкімшілік жазаға 3 адам тартылды. Жақын арада қалған үлкен сауда орындарында тергеу жұмыстары жүргізіле бастаған. Осы айдың соңына дейін нәтижесі шығатынын айтқым келеді», - деді Астана қаласының әкімдігінің ресми өкілі  Эльвира ЖҮРГЕНБАЕВА.

Осы тұста, Алматыдағы сауда орталықтарының жұмысы да қатаң бақылауға алынды. Қала басшысы Бауыржан Байбек жауаптыларға қоғамдық орындардың барлығын сүзгіден өткізуді тапсырды. Бірінші кезекте базарлар, вокзалдар, мектептер мен бөбекжайлар, ауруханалардағы өрт қауіпсіздігіне жіті мән беріледі. Қазір Алматыда 128 ойын-сауық орталығы, 46 базар, 170 қонақ үй, 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны, 700- ден астам балабақша, 200 орта білім беру ошағы бар.

«Өткен жылы 118 сауда орындары тексерістен өткен болатын. Биыл қалған нысандар бақылаудан өтеді. Анықталған кемшіліктер де сауда орындарының әртүрлілігіне байланысты. Мысалы, өткен жылы тексерілген 118 нысанның алтауы барлық талаптарды сақтағаны анықталды. Қалған орталықтарды қайта тексергенде, 10 нысан анықталған олқылықтарды жоймаған. Нәтижесінде олардың ісі сотқа жолданып, бесеуінің қызметі тоқтатылды», - деді Алматы қаласы ТЖД техникалық нормалау бөлімінің басшысы Родриго РОЗЕНБЕРГС.