Полицейлер Универсиада қарсаңында қалада жіті тексеріс ұйымдастыруда

Полицейлер Универсиада қарсаңында қалада жіті тексеріс ұйымдастыруда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Полицейлер Универсиада қарсаңында қалада жіті тексеріс ұйымдастырып жатыр. Аталған шара кезінде іздеуде жүрген 33 қылмыскер мен 16 ұрлықшы қолға түсті. Тәртіп сақшылары қаладағы пәтерлер мен үйлерді тексеру кезінде өзгенің мүлкін жымқырып, оңай олжаға батып жүрген 16 қарақшыны анықтаған. Олар  Маңғыстау, Қостанай, Оңтүстік, Шығыс және Жамбыл облыстарының азаматтары. Сұғанақтар қалаға 2-3 күнге келіп, пәтер жалдап арам пиғылдарын жүзеге асырады екен. Ал, қоржындарын қампайтқасын қаладан шығып, тынышталғанда қайта келіп баяғы әрекеттеріне кірісіп отырған. Бұдан бөлек, 50 шақты іздеуде жүрген азамат табылған. Оның 33-і қылмыскер болса, қалғаны бұрын соңды із-түссіз жоғалып кеткендер.

«Есепте тұратын азаматтар бірінші кезекте тексерілді осы 6 қаңтардан бері. 10 мыңнан аса есепте тұрғандар, бұрын соңды сотталған азаматтар. Ішкілікке немесе  нашақорлыққа салынған азаматтар тексерілді. Шетел азаматтарымен де құқық бұзушылықтар анықталған болатын. 1548 көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары анықталып, оның 680-і уақытша айықтырғышқа қамалса, тағы да 172-сі соттың шешімімен елден шеттетілген болатын», - деді Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат ӘЗІРБЕК.


Новости партнеров