Алматының тумасы Ақтөбедегі қазақ-түрік лицейінде оқыған.
Қазақстандық Мейрам Мырзаболатов Пенсильвания университетінің профессоры болды, деп хабарлайды zakon.kz сайты Егемен Қазақстан газетіне сілтеме жасап.
Алматының тумасы Ақтөбедегі қазақ-түрік лицейінде оқыған.
Оқушы кезінде математикадан халықаралық олимпиадада жүлдегер болған. Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университетте бакалаврды ақпараттық технологияларды бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бітірген.
«Студент кезімде математикадан сабақ бердім. Сол уақыттан бастап ұстаздыққа деген ынтам артты. Ал магистратураны бітіргеннен кейін сол оқу орнында қызмет еттім», – дейді Мейрам Мырзаболатов.
Осыдан кейін ол Пенсильвания университетіне бағдарламалау мамандығы бойынша оқуға қабылданады.
«Мен 2012 жылы оқуға түстім, бірақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша емес. Сол уақыттан бері IT маманы болып бір жыл жұмыс істедім. Кейін мені дәл сол университетке оқытушы етіп қабылдады. Ал 20 тамыздан бастап профессор ретінде жаңа жұмысыма кірісемін. Университет жылына 70-80 мың доллар еңбекақы ұсынып отыр», – деді М.Мырзаболатов.
Сурет : www.egemen.kz