Түркістан облысында 4 жасар бала суға кетті

06.08.2018 17:57

Биыл суға кету оқиғалары жиілеп тұр. Жұма күні, 3 тамызда 4 жасар баланың ажалы судан болды. Түркістан облысында құтқарушылар ата-ана қарауынсыз қалып қойып, арыққа батып кеткен 4 жасар баланы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды otyrar.kz сайты ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құтқарушылар Сарыағаш ауданының Ащысай ауылына қарасты «Құркелес» суармалы арығынан 2014 жылы дүниеге келген баланы іздестіріп жатыр» делінген хабарламада. Құтқарушылардың айтуынша, 3 тамызда ата-ана қарауынсыз қалып қойған бүлдіршін абайсызда арыққа құлап, суға батып кеткен.

Баланың денесі әлі де іздестіріліп жатыр.