Медеу ауданында жөнделіп жатқан жылу құбыры 4 айда қалпына келтіріледі

Медеу ауданында жөнделіп жатқан жылу құбыры 4 айда қалпына келтіріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Медеу ауданында жөнделіп жатқан жылу құбыры 4 ай көлемінде қалпына келтіріледі. Осыдан бірнеше күн бұрын басталған жұмысқа қала тұрғыны әлеуметтік желіде пікір білдірген еді. Ол құбырдың жер астымен емес, үстімен жүргізілуін сынға алған болатын. «Алматы жылу жүйесі» мекемесінің қызметкерлері бұл жылу құбырын алмастыру алдындағы дайындық жұмысы екендігін хабарлауда. Аталған шара тұрғындарды ыстық сумен үздіксіз қамту үшін жасалғанын айтты. Мұндағы құбырлар соңғы рет 1985 жылы алмастырылған.  

«Инженерлік желіні мұндай шара бойынша алмастыру тәжірибеде 2 жылдан бері бар. Құбырдың барлығы жалғанып біткен соң, жер астында тозығы жеткен құбыр алынып тасталады. Одан кейін, сыртта тұрған құбыр жер астына түсіріледі. Тұрғындарға ыстық су беру тек бір күнге ғана тоқтатылуы мүмкін. Сондықтан тұрғындардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауын сұраймыз», - деді «Алматы жылу жүйесі» ЖШС бас инженері Дмитрий КИРДЯЙКИН.

Жөндеу жұмысы әл-Фараби даңғылында Марков көшесінен Есентай өзеніне дейінгі аумақты қамтуда. Бұл құбыр  34 көппәтерлі тұрғын үй, балабақша, мектеп және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 39 ғимаратын ыстық сумен қамтуда. Жалпы биыл қалада 29 учаскіде жылу жүйесі жөнделмек.

Новости партнеров