Алматылықтар жыл басынан бері 4 миллиард АҚШ долларын сатып алған

21.12.2017 22:06

Алматылықтар жыл басынан бері 4 миллиард АҚШ долларын сатып алған. Мұндай мәліметтерді ранкинг.кз сараптамалық порталы келтіріп отыр. Доллардың орташа бағамы қаңтар айы мен қазан айларының аралығында 324,5 теңгені құраған. Еуроға да сұраныс жоғары. Олай дейтініміз, Алматының өзінде айырбастау бөлімдері 450 миллион еуроны саудалаған.

«Жыл өткен сайын шетелдік валюталарға сұраныс тұрақталып келеді. Бірақ қатты қарқынмен байқалады деп айта алмаймын. Ал келер жылы төл теңгенің ауытқуы байқалмайтын секілді. Өйткені, басында курс қандай болды, жыл аяғына дейін сол қалпында сақталды»,-деді Айырбастау пункттері қауымдастығының төрағасы, Арчин ҒАЛЫМБАЕВ.