|
28.08.2018 | 14:56
2650

Латын әліпбиімен оқитын бірнеше мектепті таңдап алдық – Сағадиев

Латын әліпбиімен оқитын бірнеше мектепті таңдап алдық – Сағадиев

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев латын графикасына апробация жасауға қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз бірнеше мектепті таңдап алдық. Сол жерде латын графикасын енгізу бойынша апробацияны өткіземіз. Оны министрлік мамандары мен тіл институтының қызметкерлері атқарады. Мектеп оқушылары латынша жазып көреді. Мәтінді дауыстап оқиды. Әріптерді тану жағын байқап көреміз. Жалпы, балалардың латынды қалай қабылдайтынын, қандай тәсілдер ыңғайлы, соның бәрін зерттейміз. Негізі, бұның бәрі – күнделікті жұмысымыз», – деді Е.Сағадиев журналистерге берген сұxбатында.

Министрдің айтуынша, Астанада бес мектеп анықталды. Соның негізінде латын графикасын енгізу бойынша апробация жасалады.

«Қазір нақты қай сыныптар екенін айта алмаймын. Бірақ олардың ішінде 0-ші және 1-ші сыныптар анық бар. Балалар дайын. Оқулықтарымыз бар. Бірнеше нұсқа әзірленді. Апробацияның нақты нәтижесі белгілі болғанда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялаймыз», – деп атап көрсетті Е.Сағадиев.

Айта кетейік, Астанада өткен Тамыз конференциясы кезінде министр Сағадиев латын графикасы бойынша сабақ беретін мұғалімдерді дайындау жоспары жайында атқан.

«Келесі жылдан бастап 0-ші сынып тәрбиешілері мен мұғалімдерді дайындауға кірісеміз. Латынша «Әліппе» және кириллицада «Букварь» базалық оқулықтарын дайындау жұмысы жүріп жатыр. Оқулықтар 2020-2021 оқу жылына дайын болады», – деп атап көрсетті Е.Сағадиев.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир