Жамбыл облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті: 5 жолаушы пойызы кешігуде

Жамбыл облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті: 5 жолаушы пойызы кешігуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысының аумағында жүк пойызының құрамы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚТЖ» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жамбыл облысында 31 шілдеде сағат 08:05 минутта №2009 жүк пойызының вагондары Мойынты-Шығанақ учаскесіндегі Қашқантеңіз-Жастар өткелінде рельстен шығып кетті. Вагондардың рельстен шығып кетуіне «Исткомтранс» ЖШС-іне тиесілі 28-ші вагонның бүйір жақтауы сынып кетуі себеп болған», – делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, вагондарды 2009 жылы 29 шілдеде «Азовэлектросталь» ААҚ жасап шығарған. Ол жерге Шу және Сарышаған стансаларының қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды.

Апат салдарынан 5 жолаушы пойызы кешігуде. Қозғалыс шамамен, Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де ашылады. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Заңға сәйкес, барлық келтірілген шығынды жүк вагонының иесі өтейді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да осы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.


Новости партнеров