Ескерткіш елеусіз жатпайды. «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысы қыза түсті. Әзірге Республика бойынша 700-ге жуық киелі мекеннің тізімі жасалған. Жоба жетекшілері бұл санатқа қонақтар көп баратын Алматыдағы «Шымбұлақ», «Көктөбе», « Медеу» мұз айдыны секілді демалыс орындарын да қосқан жөн десті. Нысандар тізімі анықталғасын, географиялық орналасуына сай интерактивті картаға енгізіледі. Сондай-ақ, тарихи, киелі мекендер туралы алдағы 5 жылда 5 энциклопедия шығару жоспарланып отыр.
«Арнайы картаның интернет порталы болады «Қасиетті Қазақстан» деген. Оның әрқайсысына кіріп, қай жері қасиетті екенін, қалай бару керек екенін, суретін, тарихын, видеосын барлығын көруге болады. Алғашқы нұсқасы биылғы жылдың соңына дейін дайын болады. Ең бастысы біздің рухани жат-ұждандықтан сақтау, әртүрлі сырттан келіп жатқан құндылықтарға төтеп беріп қалқан болу. Бұл тек мәдени жоба ғана емес, әлеуметтік жоба»,- деді "Қасиетті Қазақстан" Ғылыми- зерттеу орталығының" жетекшісі, Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ.