Паралимпиада ойындарында еліміздің намысын 6 спортшы қорғайды

Паралимпиада ойындарында еліміздің намысын 6 спортшы қорғайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Пхенчханда өтетін Қысқы Паралимпиада ойындарында еліміздің намысын 6 спортшы қорғайды. Арасында бір спортшы гид бар. Жарыс наурыздың тоғызында басталып, он сегізінде аяқталады. Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы жаһандық додада жерлестеріміз шаңғы жарысы және биатлон сынды спорттың 2 түрінен сынға түседі. Атлеттер сайысқа тыңғылықты дайындалған. Оқу-жаттығу жиыны Германияда екі рет, ал бір кезеңі Ресейде өткен. Оған қоса, техникалық база мен жабдықтар толық жаңартылған.

«Қазіргі Паралимпиада ойындары маған кәдімгі күш-қуат беретін сияқты. Өйткені, мен өзім сеземін. Сезгенде мен түсімде де көрдім. Мен алтын медаль алыппын түсімде. Енді сол түсім болса жақсы болатын еді. Негізі менің мақсатым - Паралимпиада ойындарының чемпионы болу. Өйткені Ғабидуллина Зульфияға қарап отырып, мен көп нәрсені түсіндім», - деді ҚР Ұлттық Паралимпиада құрамасының мүшесі Жаңыл БАЛТАБАЕВА.

Пхенчханда өтетін қысқы Паралимпиада ойындарында 6 спорттың түрінен 80 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Айта кетерлігі, Пхенчхандағы Паралимпиада ойындарында жеңімпаз немесе жүлдегер атанған спортшыларға берілетін сыйақы көлемі Олимпиада ойындары жеңімпаздарымен теңестірілген болатын.


Новости партнеров