Алматы облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жантүршігерлік жол апатынан 36 жастағы әйел ғана тірі қалды. Ол Приозерск қаласының ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Жол апаты Алматы-Екатеринбург автожолының 385-ші шақырымында, Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарының қиылысында 20 тамыз күні болған.
Opel және BMW автокөліктерінің соқтығысу салдарынан 8 адам қаза тапқан. Машиналардың бірі толығымен өртеніп кеткен. Қайтыс болғандардың арасында Астана тұрғыны да бар.
«Жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстарымен Алматы облысы Ішкі істер департаментінің облыстық Тергеу басқармасы айналысып жатыр», – деді Алматы облысы ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37