|
20.07.2018 | 14:10
1991

Медициналық сақтандыру қорына 80 млрд теңге жарна түскен

Медициналық сақтандыру қорына 80 млрд теңге жарна түскен

Диспансерлік тіркеуде тұрған науқастар саны Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қысқаруы мүмкін.

Бүгінде еліміздегі емханаларда созылмалы ауруларға шалдыққан алты миллионға жуық адам тіркелген. 2020-шы жылға қарай олардың саны 2 миллионға қысқаруы тиіс. Бірақ көрсетілетін медициналық көмек көлемі өзгеріссіз қалады.

«Жылына тек қана сол диспансерлік ауруларды қайта-қайта шақыру, соларды тексеру, құжаттарды формальді болса да толтырып қойып отырумен уақыт өту керек екен. Міне осы жүйедегі аурулардың, диспансерлік есепте тұратын аурулардың саны осындай топтағы адамдарды қайта қараған кезде екі миллионға азаяды екен. Бұнда дәрігерлердің өздері қабылдап отырған, өздері қызмет көрсетіп отырған адамдарға уақыттары жеткілікті болады. Оларға көрсетіп отырған қызметтері сапалы болады. Өздерінің білімін көтеруге де ауық айналысуға мүмкіндік алады», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан ӘБІЛДАЕВ.

Қазір медициналық сақтандыру қорына 80 миллиард теңгеден астам жарна түскен. Оның 18 миллиард теңгесі Алматы қаласына тиесілі. Бұл республика бойынша қорға құйылған жалпы қаржының 20 пайызы.

Қазір жұмыс берушілерге ғана жарна төлеу міндеттелсе, келер жылдан бастап, бұл жүйеге өз-өзін жұмыспен қамтығандар да тартылмақ. Ал екі жылдан соң, барлық топтағы азаматтар айлық табыстарының белгілі бір мөлшерін жарна ретінде құйып отырулары шарт.

Азамат Әуезхан, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир