|
07.09.2018 | 12:00
1560

Павлодарда алаяқ әйел 92 жастағы әжейді сан соқтырды

Павлодарда алаяқ әйел 92 жастағы әжейді сан соқтырды

Павлодарда алаяқ әйел қарт әжейдің сеніміне кіріп, оның үйінен 160 мың теңгесін алып кеткен деп жазады pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, Павлодар қаласының 92 жастағы тұрғынына көшеде 35-40 жастағы сыған әйелі жақындап, оның ұлын танитынын айтқан. Кейін әжейдің неге дүкенге жалғыз баратынын, кіммен тұратынын сұрап білген. Еш күдіктенбеген қария ұлының танысымын деген адамға бар сырын айтып берген. Балаларының Ресейде тұратынын білген соң, денсаулығы туралы әңгімелесе отырып, аяғына массаж жасап берейін деген ұсыныс жасаған. Үйге кірген соң, алаяқ әжейді диванға жатқызып массаж жасаған, сосын 10 мың теңге ақша сұраған. Еш ойланбастан сөреден ақшаны алып берген, ал алаяқ арам ісін жалғастырып, ұйқыға кеткенше күткен, артынан 160 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұрлап кеткен.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмысты жасаған күдіктіні ұстау және анықтау бойынша іс-шара жүргізілуде.

фото pavlodarnews.kz.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир