Әкесі таспен жаралап, тал түбіне тастап кеткен бала өз бетінше отыра алатын болды

Әкесі таспен жаралап, тал түбіне тастап кеткен бала өз бетінше отыра алатын болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Шығыс айналма автожолында ессіз күйде табылған Мұхаммед Асқароғлының жағдайы жақсарды. Бала өз бетінше отырып, аяқтарымен қозғалта алатын болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Мұхаммед Асқароғлы басқа ауруханаға жатқызылған.

«Бүгінде баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. 2018 жылдың 9 тамызында ол ары қарай ем алу үшін № 2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды», –  деп мәлімдеді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Мұхаммед Асқароғлы 16 шілдеде ауыр жағдайда балалар шұғыл медициналық көмек орталығына жеткізілген болатын.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыдағы Шығыс айналма автожолында ессіз күйде табылған 4 жасар Мұхамад Асқароғлыны өз әкесі таспен ұрғаны анықталған еді. Баланың әкесі Мұрат Асқароғлы бұл қылмысты өзі жасағанын мойындап, мас күйде болғанын айтқан болатын. Кейінірек ол сотта санкция жайлы айтылып жатқанда жылап жіберген еді. 1985 жылғы ер адамның бетон зауытында жұмыс істейтіні белгілі болды. Үйленген, екі ұлы бар. Осыған дейін сотты болмаған. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») қылмыс жасады деген күдікке ілінген болатын.



Новости партнеров