Алматы әкімі Қазақстандағы Индонезия елшісімен кездесті

03.11.2017 20:58

Алматы әкімі Қазақстандағы Индонезия елшісі Рахмат Прамономен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтасты нығайтуды талқылады. Әрі туризм саласын дамытуды да сөз етті. Биылғы тоғыз айда Алматы қаласы мен индонезия арасындағы тауар айналымы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе артып, 14,2 млн. АҚШ долларын құраған. Десе де, қос тарап өзара ынтымақтастықты әрмен қарай арттыра түсу қажеттігін алға тартты.