Алматы «Саламатты Қазақстан» жобасына қосылды

Алматы «Саламатты Қазақстан» жобасына қосылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы Орта Азия мегаполистері арасынан алғашқылардың бірі болып «Саламатты Қазақстан» жобасына қосылды.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросы басшысының сөзінше, аурулардың профилактикасына, оған қоса медицина сапасын арттыруға септеседі.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Жужанна Якаб Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбекпен кездесті. Тараптар елімізде енгізілетін медициналық сақтандыру және қалада өтетін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі Халықаралық конференцияға дайындық барысы туралы сөз қозғады.  

«Халықтар арасындағы урбанизацияға орай денсаулықты тұрақты дамыту барысында мегаполистердің рөлі артуда. Еуропада «Саламатты қалалар» бағдарламасы 20 жылдан бері жүзеге асып, қоғамдық денсаулық сақтау мүддесінің тұғырнамасына айналған. Жалпы, бұл бағдарлама халықаралық мәртебеге ие және Алматының бұл жобаға Орта Азия мегаполистерінің ішінен алғашқы болып қосылғанына қуаныштымын. Бұл ел басшылығының Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қағидаларын қолдайтындығын көрсетеді», - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалық өңірлік бюросының директоры Жужанна ЯКАБ.


Новости партнеров