Еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтарға марапаттар табысталды

Еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтарға марапаттар табысталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тәуелсіздік күніне орай қала әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтарға мемлекеттік марапаттар табыстады.  Салтанатты жиын барысында шаһар басшысы ел үшін, экономиканың дамуы мен тұрақтылығы үшін мандай терін төгіп жүрген әрбір азамат еленетінің атап өтті. Сондай-ақ ол мемлекет басшысының сарабдал саясаты мен батыл шешімдерінің арқасында Қазақстан дамудың даңғыл жолына түскенін тілге тиек етті.

«Елбасының ұдайы қолдауының арқасында, елімізбен бірге Алматы қаласы да ілгері басып, қал экономикасының қарқыны жыл сайын артып келеді. Тәуелсіздік алған жылдары қаламыздың жалпы ішкі өнімдік пайызы 10 пайызды құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 2 еседен аса артып. Алматы ел экономикасының 5/1 бөлігін қамтасмасыз етіп отыр. Бұл қаламыздың сауда-саттық және қызмет көрсету салаларынына негізделген мұнайлы емес тұрақты экономикасының арқасында мүмкін болды», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Тек осы жылы ғана 70 алматылық азаматқа мемлекеттік марапаттар тапсырылған болатын. Ал бүгінгі мерекелік жиында «Парасат» орденімен Қазақстан Республикасының Әнұранын тұңғыш орындаушы Сара Тыныштығұлова мараптталды. «II дәрежелі Достық» орденін мемлекет және қоғам қайраткері, Орта Азия Университетінің президенті Жұматай Әлиев алды. «Құрмет» орденімен «Мен алматылықпын» қоғамдық қозғалысының негізін қалаушы Константин Авершин, суретші Амандос Ақанаев, әнші Мәдина Сәдуақасова, «Орталық клиникалық аурухана» АҚ ауруханалар бірлестігінің меңгерушісі Сергей Шиллер марапатталды. Сондай-ақ бірнеше жылдар бойы өз ісіне адал жандар зауыт, фабрика, комбинат, кондитерлік цехта қызмет етіп жүрген азаматтар да төстеріне орден тағылды. Алматы әкімі Елбасының бастамасымен жүзеге асып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың өңірлік экономика мен еңбекпен қамтуға зор серпіліс бергенін атап өтіп қаланың дамуы жайлы бірқатар бастамаларды іске асыру тетіктерін атап өтті. Оның ішінде , Алматы әкімі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қарапайым адамдарға не беретіні мен «Ақылды қала» жобасы жайында сөз қозғады.  Бауыржан Байбек халықаралық зерттеулер қорытындысы бойынша 2030 жылға қарай әлемдік экономика флагмандары - Оңтүстік - Шығыс Азия елдері, әсіресе Қытай мен Үндістан болатынын жеткізді. Алматы да әлемдік озық өңірлер тәжірибесіне сүйенеді, деді әкім.

«Әлемдік экономиканың даму тетіктері шығысқа қарай ығысуда.

Ал бүгінің өзінде жаһандық бәскелестікке қабілетті  нарығы бар Алматы Орта Азиядағы экономикасы ең қарқынды дамушы қала. Оңтүстік Корея, Қытай  Жапония сияқты шығыстың мандай алды мемлекеттерінің инвестициялары тартылған. Бұл дегеніміз Сингапур және Ганконг сияқты Алматы қаласы да үлкен инвестициялық әулетке ие деген сөз», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.


Новости партнеров