|
20.01.2017 | 09:35
2453

Қала әкімі Универсиада еріктілерімен кездесті

Қала әкімі Универсиада еріктілерімен кездесті

Универсиадаға дайындық қазірдің өзінде өз мәресіне жетті. Алматы әкімі Бауыржан Байбек қысқы ойындар алдында еріктілермен жеке кездесті. Қала басшысы жастардың қонақтарды күтіп алуға дайындығына көз жеткізіп, олардың маңызды жұмысына сәттілік тіледі. Айта кетсек, 28-ші Универсиадаға 14 мыңнан астам адам ерікті болуға өтініш білдіріп, оның үш мыңы іріктеліп алыныпты. Оның ішіндегі 100-і шетелден келгендер. Еріктілердің жастары 18-ден 23-ке дейінгі аралықта. Дегенмен, олардың арасында жастары 50-ді алқымдаған азаматтар да бар екен. Олардың барлығы қысқы спорттық киімдер мен қажетті жиынтық салынған сөмкемен қамтамасыз етілді.

«32 бағыт бойынша қызмет атқаратын болады. Жүйелі түрде айтатын болсақ, біріншісі халықаралық әуежайда қонақтарымызды қарсы алып алу. Одан кейін қонақтарымызды осы Универсиада кезінде барлық өзінің сұрақтарымен, делегаттардың сұрақтарымен көмектесетін кеңесшілер деп айтамыз. Олар атташе, басқа бағыттар да бар. Жаңағы тамақтандыру, орналастыру, көлік, бұқаралық ақпараттармен жұмыс істеу және негізгі еріктілер спорт бойынша жұмыс істейтін еріктілер»,- деді «Универсиада-2017» дирекциясы еріктілермен жұмыс департаментінің басшысы, Абылай ҚОНДЫБАЕВ.

Еріктілер қонақтарды әуежайдан қарсы алудан бастап, оларды «Атлетикалық ауылда» орналастыруға дейін көмек көрсетеді. Сондай-ақ, меймандарға қалада жол сілтеп, тілшілермен тілдесуге де жәрдемдеседі. Ал, 700-ден астам адам арнайы аймақтарға тартылатын болады. Олар төрешілер мен техникалық ұжымға спорттық жарыс өтетін алаңдарды дайындауға қол ұшын созады.  Еріктілердің барлығы дерлік өз қызметінің бағыттарына қарай арнайы тренингтерден өтті. Алматыда өткізілетін Универсиада ойындары рекордтық болмақ. Өйткені, бұл ойындарға әлемнің 57 елінен атлеттер қатысады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир